«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Онлайн форматта жиын өткізілді

Онлайн форматта жиын өткізілді

М.А. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі төрешілік ете отырып «Музейге саяхат» жобасына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық-музейін онлайн форматта қатысуға үлкен мәртебемен шақырды. Жобаның көзделген мақсаты Қазақстан музейлерінің тарихын және тарихи мәдени мұраларды дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, Жамбыл облысымен Тараз қаласының туризімін дамыту және музей аралық қарым-қатынасты нығайту деп білеміз. Онлайн форматта өтілген бас қосуда  «Айша бибі», «Қарахан» кесенелері, «Көне Тараз» секілді тарихи-мәдени мұраларымыз назарларына ұсынылды. Аталмыш жиынға қатысушылар өңіріміздегі ғасырлар бойы сақталып тұрған бай мәдени мұраларымызға таңданыстарын мадақтаумен жеткізді.