«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Абай күніне сый

Абай күніне сый

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық  музейінде дәстүрге айналған «Музейге сый тарту» акциясы аясында  Тараз қаласының тұрғыны, МКК «Тараз Су» қызметкері Дархан Қожахметов VII-VIII ғғ. тән монетаны табыстады.

Дархан Қожахметовтың айтуы бойынша көне жәдігерді  Сүлейменов көшесінің бойында жұмыс  жүргізу барысында  кездейсоқ тауып, музей қорына сыйға тартты.

Ерекшеліктері мен жасалу кезеңін зерттеген музей мамандары монетаның VII-VIII  ғасырға жатқызды. Қазақстан аумағында ақша белгілері V ғасыр б.з.д. пайда болды.  Ортағасырда Қазақстан территориясында көптеген мемлекеттер болған. Түргеш, Қарлұқ, Қарахан т.б. хандықтар билік құрып, әрқайсысы өз ақшаларын соққан. Ұлы Жібек жолында орналасқан көне қалаларының археологиялық қазба жұмыстары кезінде көптеген ақша белгілері табылып келеді. Алдағы уақытта түргеш теңгесі қайта қалпына келтіру жұмыстарынан өткеннен кейін, зерттеліп, музей қорының нумизматика қор бөлімінен орын алады.

Ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлеріміздің тарихи мұра ретінде музейіміздің  қорына тапсырып, халық игілігіне ұсынып, зор үлесін қосқаны үшін  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Н.Бықыбаев  музей баспасынан  шыққан сый-сыяпаттарды тапсырды. « Музейге сый тарту» акциясы жалғасын табуда. Халқымыздың тарихын түлетуге  атсалушы патриоттар қатарынан табылғаны қуантады.