Реставрация жұмыстарын жүргізу орындарын анықтады
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне әрі Қазақстанның киелі жерлер картасының тізіміне өңірлік қасиетті орын ретінде алынған Құлан қалашығы бірнеше тарихи қатпардан тұрады. Осы қатпарлардан өлке тарихының әр кезеңіне жататын хан сарайы мен ғибадатхана және ислам өркениетіне жататын зират орны да табылған. Әрі бұл көне заманнан бері маңына адамзат баласы қоныстанған бірден-бір тарихи жәдігер саналады, осы орайда арнайы құрылған топ мүшелері археолог С.Ақылбек, «Казреставрация» Л. Бейсембаева және реставрация мамандары «Құлан» қалашығының реставрация жұмыстарын жүргізу орындарын анықтап, музеефикация, консервациялық жұмыстарын жүргізу үшін жоба әзірленді. Алдағы уақыттарда анықталған орындардың жалғасын тауып, қазба жұмыстарын одан әрі жүргізу болып отыр. Сондай-ақ бұл жерді келешекте өңір туризмін дамыту үшін ашық аспан астындағы музейге айналдыру мақсаты тұр.