Онлайн вебинар өткізілді
2021 жылдың 1,5,8 шілде күндері ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аумағында дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра объектілерін басқаруға жауапты тұлғалар мен ұйымдардың әлеуетін дамыту бойынша онлайн вебинарлар өткізілді. Бірінші вебинар барысында Дүниежүзілік мұра орталығының өкілдері тыңдаушылармен Дүниежүзілік мұра туралы Конвенцияның түрлі аспектілері туралы әңгімелесті.
Аталған серия ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра орталығымен және Дүниежүзілік мұра Конвенциясы жөніндегі консультативтік органдармен (ИККРОМ, ИКОМОС, МСОП) бірлесіп әзірленді. Вебинарларға қатысуға Дүниежүзілік мұра объектілерін басқаруға тартылған барлық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның мүдделі өкілдері шақырылады. Вебинар ағылшын және орыс тілдерінде ілеспе аудармамен онлайн форматта өтті және өңір проблемаларына байланысты бірқатар өзекті тақырыптар қозғалады.
Үш күндік вебинарға "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері қатысып, музейге қарасты ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұаралар тізіміне алыған "Ақыртас" "Баласағұн" "Қостөбе" "Құлан" "Өрнек" қалашықтары жайлы мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұра туралы Конвенция: қатысушы мемлекеттердің мониторингті сақтау, басқару және тетігі жөніндегі негізгі қағидаттары, міндеттемелері-Дүниежүзілік мұра және орнықты даму.
Спикерлер: -Фенг Джинг мырза-бөлім басшысы, Азия-Тынық мұхиты аймағы, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығы (Париж);
- Нао Хаяши ханым-бағдарламалық маман, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра орталығы (Париж).