«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Туризм» мамандығының білімгерлері өндірістік іс-тәжірибеден өтті

«Туризм» мамандығының білімгерлері өндірістік іс-тәжірибеден өтті

Тараз қаласында орналасқан "Тараз сервис және технология колледжінің" "Туризм" мамандығының 1-курс білімгерлері ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Іс - тәжірибе барысында білімгерлер қорық-музейге қарасты нысандары – "Қарахан" "Дәуітбек" кесенелерінде, тарихи – мәдени мұраларымызбен, ежелгі қаланың архитектуралық құрылысымен, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен танысты. Сонымен қатар, білімгерлер іс-тәжірибе барысында өздері тарихи нысандарда экскурсиялық қызмет көрсетіп, халықпен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді.