News
“Ауыл” партиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы және “Ауыл” жастары жастар қанаты
мүшелеріне туған өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларымен танысу мақсатында экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жастар төмендегі тарихи орындарға барып, қазақ халқының бай тарихына үңілді:
Көне Тараз археологиялық саябағы, Қарахан кесенесі, Қали Жүніс моншасы, Ақыртас сарай кешені.
Жастар үшін бұл – тек саяхат емес, өткенмен тілдескен сәт болды. Экскурсия өз мақсатына жетіп, жаңа
әсер мен тың таным сыйлады.
Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны саналатын Айша бибі кесенесі тек ғажайып өрнектерімен ғана емес,
сонымен қатар салыну ерекшелігімен де таң қалдырады. Ортағасырлық шеберлер құрылыс барысында
арша ағашын кірпіштің арасына қосып пайдаланған.
Арша – қазақ дәстүрінде тазалықтың, пәктіктің және ұзақ ғұмырдың символы.
Ғалымдардың айтуынша, аршаның табиғи қасиеттері құрылысқа беріктік пен ерекше энергетика сыйлаған.
Сондықтан да Айша бибі кесенесі ғасырлар бойы сырын сақтап, бүгінгі күнге дейін жетті.
Бұл – біздің ата-бабамыздың табиғатпен үндескен даналығы мен қолөнер шеберлігінің айқын дәлелі.
Егер сіз Таразға жолыңыз түссе, Айша бибі кесенесіне соғып, осы ғажап рухты сезініп көріңіз!
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан баба кесенесі,
Айша бибі кесенесі және Көне Тараз археологиялық кешенінде ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен
өткен «Үздік учаскелік полиция инспекторы» және «Үздік кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторы» республикалық конкурсына қатысушыларға кәсіби экскурсия өткізілді.
Қонақтарымыз еліміздің әр өңірінен келіп, көне Тараздың тарихи-мәдени мұрасымен танысып,
ерекше әсер алды. Бұл шара – тарих пен бүгінгі қоғам арасын жалғап, мәдениетімізді насихаттаудағы
маңызды қадам болды.
Бүгін Таразға алыстан, күншуақты Италиядан туристер келіп, көне шаһардың тарихи ескерткіштерімен
танысты. Қарахан баба, Айша бибі кесенелері мен Көне Тараз археологиялық кешенін аралаған қонақтар
ғасырлар қойнауынан сыр шертетін тарихымызға ерекше қызығушылық танытты. Экскурсиядан кейін олар
Тараздың бай мәдениеті мен тарихи мұрасының ғажайыптығына таңғалып, алған әсерлерімен бөлісті.
Сіз де Таразға келіп, көне тарихпен, мәңгілік ескерткіштермен танысып көріңіз!
Тараз – Ұлы Жібек жолының жүрегі, тарих пен мәдениеттің тоғысқан мекені.
Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан баба және Айша бибі
кесенелеріне келді.
Сапар барысында министр ескерткіштердің қазіргі жағдайымен танысып, тарихи мұраны сақтау
мен дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
• Экономикалық тиімді шешімдер қабылдау жолдары
• Кадр тапшылығын жою және білікті мамандар даярлау
• Туристерді көптеп тарту және мәдени туризмді дамыту.
Бұл кездесу – көне мұраларды сақтау ісіне серпін беріп, оларды халыққа және шетелдік қонақтарға кеңінен
таныстыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Page 15 of 199
08 Sep 2025
129