The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News

Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру» атты біліктілікті арттыру семинар-курсына кәсіпорынның бас қор сақтаушысы А. Жанбосынова мен суретші-реставраторы Б. Тазан қатысты. Аталмыш семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі консервация және реставрация қызметінің қызметкерлері Қазақстаннан тысқары жерлерде, американдық әріптестер ұйымдастырған халықаралық жоба бойынша Ташкентте (Өзбекстан), Санкт-Петербург, Мәскеу және Қазан (Ресей) қалаларында өткен біліктілігін арттыру курстарынан жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, реставрация бойынша игерген қазіргі таңда қолданатын әдіс-тәсілдерін үйретіп, жас реставратор мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар берді.

  

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына «Сыбайлас жемқорлық – өмірлік мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Бактыхожаев Ербол Жумакадырович қатысты.
Жиын барысында комплаенс қызметінің маңыздылығы, қатысушылардың негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы айтылып, қызметтерін адал атқаруға шақырылды. Сонымен қатар қатысушылар квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтарын талқылап, пікір алмасып, тәжірибемен бөлісті.
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қазақтың көрнекті археологы К. А. Ақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ислам дәуіріне тән: Қарахан, Айша бибі кесенелері» тақырыбында Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлеріне республикалық онлайн дәріс ұйымдастырды.
Онлайн дәрістің мақсаты: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты республикалық маңызы бар ортағасырлық қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің бірі Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерінің ислам өркениеті тұсында салыну тарихымен, аңыз әпсаналарымен, түркі мәдениетіне қосқан үлесі мен орнын таныстыра отырып, насихаттау болып табылады. Сонымен қатар онлайн дәріс барысында мамандар өзара тәжірибе алмасу арқылы тың идеялардың бастамасына жол ашып, екі республикалық музей-қорық арасында ынтымақтастық байланысты одан әрі нығайту көзделіп отыр.
Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:
– Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы
– Қазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнерінің үздік ескерткіші – Қарахан
кесенесі
– Айша бибі кесенесі – махаббаттың мәңгілік символы
 
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай атындағы №26 орта мектебінде тарих пәні апталығы аясында «Тарих аясындағы көне Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Жылжымалы көрме барысында оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді. Жылжымалы көрменің жасақталуының басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.
 
2024 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қазақтың археологы К. А. Ақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тақырыбында Қырғызстан мемлекетінің «Сулейман-ТОО» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенінің қызметкерлеріне республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды.
Онлайн семинардың мақсаты: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қырғызстан мемлекетінің «Сулейман-ТОО» Ұлттық тарихи-археологиялық музей кешені арасында 2021 жылы мемлекетаралық музей саласын дамыту тұрғысында жасалған Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тараптар Өзара бірлескен меморандумға қол қойған болатын. Әріптестер меморандум аясындағы бірлескен жоспарларды ортаға салып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Ұлы Жібек жолының біртұтас тарихи өткенімен байланыстыратын тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді насихаттау бойынша алдағы жұмыстарды талқылау болып табылады. Сонымен қатар семинар барысында Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Жамбыл өңірінің халықаралық және республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерімен музей-қорық қызметкерлері таныстырды.
Онлайн семинар жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:
• Тарих пен тағылым ордасы – Тараз
• Қазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнерінің үздік ескерткіші – Қарахан кесенесі
• Айша бибі кесенесі: аңыз бен ақиқат
• Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың ескерткіші
 

Page 13 of 159