News
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай
атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері арасында өткен бұл байқау шығармашылық
пен табиғат сұлулығын тоғыстырған ерекше шара болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын — Қалмахан Арайлым
ІІ орын — Әшімхан Әмина
ІІІ орын — Байзакова Камилла
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Байқауға белсене
атсалысқан жетекшілерге алғыс хаттар, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шабыт пен ізденіс жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!




Қытай Халық Республикасының Шанси провинциясындағы Батыс-Солтүстік университетінің
Жібек жолы зерттеу орталығының докторанты Ян Чу Шюань, Шанси провинциясы археология
институтының археологі Джан Күнь, және Сиан қалалық археология институтының суретшісі Гау Чи
Жамбыл облысына арнайы іссапармен келіп, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қостөбе,
Ақыртас, Өрнек, Ақтөбе-Баласағұн және Құлан қалашықтарын аралап, олардың тарихи-мәдени маңызымен
танысты.
Бұл сапар – Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға
бағытталған маңызды қадам болды.




Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында қалпына келтіру жұмыстары
белсенді жүргізілуде. Айша бибі кесенесінде — жарамсыз болған арка қалпына келтіріліп, кесене келушілерге
бұрынғыдан да әсем көрініс беруде. Қарахан баба кесенесінде — туристердің жайлылығы үшін сапалы жолдар
төселіп, айналасы көгалдандырылуда.
Бұл жұмыстар – халқымыздың рухани және тарихи мұрасына деген зор құрметтің көрінісі.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері үшін ерекше шығармашылық
байқау бастау алды. Бүгін байқаудың бірінші кезеңі өтті.
Жас суретшілер өз қиялдарын арқау етіп, Айша бибі мен Қарахан кесенелерінің әсем келбеттерін қағаз
бетіне түсірді. Байқаудың мақсаты – Тараз қаласының тарихи және мәдени ескерткіштерін жастарға кеңінен
таныстыру, экологиялық таза туризмді дамыту және ата-бабамыздан жеткен тарихи мұраны сақтау.
Осындай бастамалар арқылы жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігі мен табиғатқа жанашырлығы
арта түседі.
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді
қорғау» бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №23 орта мектептің 6–7 сынып оқушылары үшін
бүгін «Өлкенің жас археологы» атты үйірменің екінші кезеңі ұйымдастырылды.
Бұл кезеңде оқушыларға археологиялық қазба жұмыстарынан табылған жәдігерлердің реставрациядан
өткен нұсқалары таныстырылды. Сонымен қатар, құнды да бірегей тарихи экспонаттар қойылған шағын көрме
ұсынылды. Жас жеткіншектер үшін бұл ерекше тәжірибе болып, оларды тарих пен мәдени мұраға жаңаша
қырынан қызықтыра түсті.
Мұндай іс-шаралар – жас ұрпақтың туған жерінің бай тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдени
құндылықтарды сақтауға тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Page 12 of 199
07 Oct 2025
219