News
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен бірлесе отырып, Шайқорық
орта мектебінде “Көненің көзі — Тараздың өзі” атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында
оқушыларға көне Тараз қалашығынан табылған бірегей жәдігерлер, тарихи артефактілер мен құнды мәліметтер
ұсынылды.
Балалар өз өлкесінің бай тарихымен жақынырақ танысып, Тараздың мәдени мұрасына деген
қызығушылықтарын арттырды. Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге деген
сүйіспеншілік пен тарихи сана қалыптасады.
2025 жылғы 9 қазанда ҚР Ұлттық музейінің кітапханасында өткен шара мәдени мұраны ғылыми-реставрациялық тұрғыда сақтау мен заманауи технологияларды енгізуге арналды.
Курс Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып, офлайн және онлайн форматта өтті.
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау”
бөлімінің тарихшысы Ұлжан Исаева Жамбыл радиосының “Асыл қазына” бағдарламасына арнайы қонақ болып қатысты.
Бағдарлама барысында маман Жамбыл жеріндегі бірегей сәулет ескерткіші – Абдулла Ишам мешіті жайлы тың деректермен,
ғылыми пайымдармен және тарихи маңызы зор ақпараттармен бөлісті. Бұл сұхбат көне Тараз өңірінің бай рухани мұрасын
тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің бірінші курс студенттеріне Ежелгі Тараз
ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің
ғылыми қызметкері Мадина Мананбайқызы “Ақыртас сарай кешені: археологиялық зерттеулер мен
тұжырымдар” тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Дәріс барысында студенттер көне Ақыртас кешенінің құрылыс ерекшеліктері, археологиялық зерттеу
нәтижелері мен тарихи мәні туралы тың мәліметтер алды. Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың
отансүйгіштік сезімін арттырып, туған өлке тарихына қызығушылығын оятады.
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен “Шекарасыз мәдениет” республикалық
акциясы аясында ерекше жандарға арналған танымдық экскурсия өтті.
Бұл іс-шараға “Өркен” арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен реабилитация орталығынан келген қонақтар қатысып,
көне Тараздың тарихы мен мәдениеті жайлы тың деректермен танысты. Киелі мекеннің ғасырлар қойнауынан сыр шерткен
жәдігерлерімен танысқан балалар мен қонақтар ерекше әсерге бөленіп, рухани шабыт алды. Іс-шараның мақсаты — мүмкіндігі
шектеулі жандардың мәдениет пен өнерге тең қолжетімділігін арттыру, тарихи мұраға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Page 10 of 198
10 Oct 2025
217






