The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / About the museum / Бөлімдер / Service Department of the Museum

Музейге қызмет көрсету бөлімі

Музейге қызмет көрсету бөлімі

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени

музей-қорығының

 

«Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі»

 

«Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету» бөлімінің негізгі міндеті музей-қорыққа келушілерді экскурсиялық қызметпен қамтамасыз ету және музей ісімен айналысып, көпшілік іс-шара, насихат жұмыстарын жүргізу. Музей-қорықтың экскурсоводтары музей жәдігерлерін қолдана отырып, жылжымалы, мерзімді тақырыптық көрмелерді, видеоэкскурсиялар мен видеолекцияларды ауқымды өткізіп тұрады.

 

 

Экскурсовод мына лауазымдық міндеттерді атқарады:

 

  •       Экскурсия бағдарламаларын әзірлеуге, экскурсия нысандарын

тексеру, көрсету, зерттеу әдістемелерін дайындауға, экскурсияларға қосымшалар мен өзгерістер енгізу ісіне жетекшілік етеді.

  •        Өткізілетін жоспарлы, жоспардан тыс іс-шара, іссапар,

конференция, симпозиум, семинар, зерттеу, экспозицияға қатысты ұйымдастырылатын, сатып алынатын қажетті материалдар, зат түрлерін алдын-ала (екі ай бұрын) жоспарлай отырып, мемлекеттік сатып алу порталына енгізуге жазбаша ұсыныс береді.

  •         Экспозиция, көрме, ашық сақтау қорлары мен кәсіпорын нысандарына экскурсия жүргізеді.
  •         Әдіскердің жаңа материалдары мен ұсыныстарына сәйкес, экскурсияға толықтырулар мен өзгертулер енгізуді жүзеге асырады.
  •         Мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне, әдістемелік ұсынымдарды даярлауға және экскурсия бойынша ұсынымдар тыңдауға қатысады, музей ісі бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйелеп, өлке тарихына, кәсіпорынға қатысты нысандар жайында түрлі тақырыптарды зерттеп, мәліметтер жинау мен зерделеу жұмыстарына қатысады.
  •         Экскурсиялар ұйымдастырып, өтінімдер қабылдап, оларға талдау жұмыстарын жүргізеді, келушілердің шағымдары бойынша тиісті жұмыстар жасайды (шағымдарды қабылдайды және талдайды, ұсынылған шағымдар бойынша шаралар қабылдайды, белгіленген есептілікті жүргізеді).
  •         Экскурсиялар өткізу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын орындайды.
  •         Мекемелермен, төменгі, орта, жоғары, арнаулы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, аталған ұйымдарға дәрістер ұйымдастырады.
  •         Жамбыл облысының лицензияланған туроператор, турагенттерімен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге жетекшілік етеді.
  •         Кәсіпорын әкімшілігі өткізетін қауіпсіздік техникасы бойыншабарлық нұсқаулықтарға қатысады.
  •         Бөлім басшысының жазбаша және ауызша нұсқауларын орындайды.

 

Экскурсовод білуі қажет:

 

            – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы, ҚР мәдениет туралы Заңдары, ҚР еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамасының негіздерін;

            – өз мамандығының ерекшелігін ескере отырып, мәдениет тарихын, этнография мен археологияны, музей ісіне байланысты жетекші материалдарды;

–        ғылыми-ағартушылық жұмыс мәселелері бойынша жаңа зерттеулер

мен әдістемелік әдебиеттерді;

            – экскурсия мен дәрістердің тақырыбын, отандық және шетелдік музейлер экскурсияларының, дәрістік жұмыстарының озық тәжірибесін;

            – ішкі еңбек тәртібін;

            – өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптарын;

            – еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.

 

 

Музей қараушысы мына лауазымдық міндеттерді атқарады:

 

  •          Нысан аумағындағы мүліктің, жәдігерлердің, тарихи-мәдени

ескерткіштердің сақталуын, сондай-ақ, бүліну мен қолды болмауын қамтамасыз етеді.

  •          Тарихи-мәдени ескерткiштерде (кәсіпорынға қарасты кесенелер,

мешiттер, сәулет ескерткiштері) тазалық пен тәртiпті сақтай отырып, қалыпты температуралық-ылғалдылық жағдайын бақылайды.

  •          Тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейге келушілердің жүріс-тұрыс

ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады, нысандағы жәдігерлер мен жер бесікке (надгробник) зиян келмеуіне (қолмен ұстамауына) жауап береді.

  •          Тарихи-мәдени ескерткіштерде заттарды (жәдігерлерді) бүлдіру,

жымқыру, сондай-ақ, нысанда заттың (жәдігердің) жоқ екенін анықтау фактілері және өзге де штаттан тыс жағдайлар орын алғанда «күзет қызметін» көмекке шақырып, кәсіпорын басшылығына жедел хабарлайды.

  •          Тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейді үнемі тексеріп, жағдайды

бақылап отырады.

  •          Келушілер ұмытып кеткен немесе жоғалтқан заттар туралы кәсіпорын басшылығына хабарлайды.
  •          Төтенше жағдайлар (келушілерден оғаш мінез-құлық байқалған

кезде, қажет болған жағдайда, денсаулық сақтау, өрт және т. б.) кезінде әкімшілік пен тиісті қызмет өкілдерін шақырады.

  •          Жұмыс барысында кәсіпорын қызметкерлеріне міндетті қауіпсіздік

және тәртіп ережелерін сақтайды, келушінің өтінішін қоспағанда, діни жоралғыларды (Құран оқу, т. б.) атқармайды және келушілерге осы лауазымдық нұсқаулық пен қызметтік міндеттемеде көзделмеген басқа ақпараттарды насихаттамайды.

  •          Кәсіпорын әкімшілігі өткізетін қауіпсіздік техникасы бойынша барлық

нұсқаулықтарға қатысады.

  •          Қызметтік қажеттілікке байланысты, әкімшіліктің басқа да нұсқауларын орындайды.

 

Музей қараушысы білуі қажет:

 

            – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы, ҚР мәдениет туралы Заңдары, ҚР еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамасының негіздерін;

            – тарихи-мәдени ескерткіштің, музейдің, экспозициялық залдың аумағын қарау схемасы, ескерткіштің (экспонаттың) қысқаша мазмұны мен тарихы туралы мәліметтерді;

            – кәсіпорын нысандарына келушілердің жүріп-тұру ережелерін;

            – тарихи-мәдени ескерткіштердің (жәдігерлердің) сақталуын қадағалауды жүзеге асырып, экскурсия кезінде тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ете білуі қажет.