The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / News

News
         “ÚNSIZ QALMA” хабарынан
         Ежелгі Тараз мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Нұржан Мергенбайұлы JAMBYL
телеарнасына арнайы сұхбат берді.
         Бейсенбі күні музей-қорықтың тарихи мұралары жайлы қызықты әңгімелерді тыңдаңыз келсе,
бағдарламаның толық нұсқасын жіберіп алмаңыз.
 

Qazaq Quest жобасында – Ежелгі Тараз ескерткіштері!

Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына
Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова сұхбат беріп, арнайы түсірілімге қатысты.

Жобада музей-қорыққа қарасты:
• Айша бибі,
• Бабаджа хатун,
• Қарахан баба
• және Дәуітбек кесенелері жайлы құнды әрі тың деректермен бөлісті.

Толық түсірілімді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

https://youtu.be/G4Yude1yvYw?si=xSeLzt9ISuqJtCnk

Тарих тереңіне бірге бойлайық!

https://www.instagram.com/p/DL7LOvuPLku/

 

           Музей-қорықтың “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ұлжан Исаева
“Ақ жол” газетінде жарық көрген “Меркі қалашығы — тарих пен мәдениеттің тоғысқан тұсы” атты
мақаласында көне Меркі шаһарының бай мұрасын жан-жақты ашады.
           Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды бекініс-қала ретінде Меркінің стратегиялық рөлі,
археологиялық жаңалықтары мен мәдени құндылықтары терең талданған мақалада оқырманды
таңқалдыратын деректер мол.
           Газетті қолға алып, мақала арқылы тарихымыздың терең қатпарларына бірге үңілейік!
 
            2025 жылғы 4 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы»
КММ және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесуімен, Asyl Mura
волонтерлық бағыты аясында «Тарихыңды таны» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
            Іс-шара аясында жастарымыз киелі кесенелермен, өлкеміздің бай тарихымен және рухани
мұраларымен жақын танысып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл бастама жас ұрпақтың
тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.
 
 
           “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz
сайтында жарық көрді!
           Мақалада Тараздың бай тарихи-мәдени мұралары мен археологиялық зерттеулердің маңыздылығы
кеңінен баяндалады. Толығырақ танысу үшін KAZMUSEUM.kz сайтына кіріңіз!
  

Page 17 of 199