The State historical and cultural museum-reserve

«Yezhelgi Taraz eskertkishteri»

Home / About the museum / Бөлімдер / Қор сақтау және есепке алу бөлімі

Қор сақтау бөлімі

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қоры 

         «Көне Тараз» археологиялық саябағы құрылғаннан бастап,  2015 жылы музей қорын толықтыру жұмыстары жүргізіле бастады. 2011–2017 жж. аралығында Тараз қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде бірнеше мәдени қабаттар зерттелді.  Музей-қорықтың археологиялық коллекциясы металдан, тастан, сүйектен, шыныдан жасалған бірегей артефактілерден тұрады, сонымен қатар, көп мөлшерде керамикалық бұйымдар коллекциясы жинақталған. Қолөнер шеберлері көне асханалық ыдыстарын, өрнектелген кірпіштер мен мүсіндерді, су құбырларын  саздан күйдіріліп жасаған.  Зергерлік бұйымдар мен белдік жапсырмалар, ортағасырлық монеталар коллекциясы тау-кен ісі мен металл өңдеу, тауар-ақша қатынастарының дамуына ықпал етті. Бұл артефактілер ежелгі Таразда қолөнершілердің өмір сүруінің, көпестердің әртүрлі тауарлармен сауда жасауының дәлелі болып табылады. Тараз билеушілерінің атынан соғылған теңгелер шығаратын сарайлар жұмыс істеді, қолөнер мен ғылымның дамуы қала мәдениетінің өсуіне әсер етті. Музей-қорық қорындағы археологиялық коллекцияның көбісі Ұлы Жібек жолының бойындағы Ежелгі Тараздың (Х–ХІІ ғғ.) өркендеуіне ықпалын тигізді. Табылған жәдігерлер Ежелгі Тараздың ғылымы мен қолөнерінің, мәдениетінің даму деңгейін айғақтайды.

         Қазіргі таңда тарихи-мәдени музей-қорық қорында 4144 сақтау бірлігі көне жәдігер мемлекеттік тіркеуге алынған, оның 4056 с.б. негізгі қор, 88 с.б. ғылыми көмекші қор есебінде.  Жәдігерлеріміз екі ғылыми классификацияланған топқа бөлінеді: археологиялық – 2242 с.б., нумизматикалық – 1902 с.б.       

          Музей қорларын есепке алу – қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінгі күнде қор қызметкерлері қор құжаттарын толтырумен қатар, есепке алу жұмыстарын жүргізеді. Музей-қорықтың қызметкерлері музей жәдігерлерін қолдана отырып, мерзімді тақырыптық көрмелерді, видеоэкскурсиялар мен видеолекцияларды ауқымды өткізіп тұрады.

          Музей-қорықтың қор қызметкерлерінің негізгі міндеттері - қорды сақтау және есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, музей қорларын үздіксіз толықтыру болып табылады, сондай-ақ ғылыми құжаттау мен зерттеуге тікелей бағытталған.

Бас қор сақтаушы

         Айдана Бесікбайқызы Жанбосынова 1991 жылы 02 қыркүйекте Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бакалавр, 2016 жылы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін магистр дәрежесімен аяқтаған. 2012–2014 жж. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы (инспектор) қызметін атқарды. 2014–2017 жж. «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қорды есепке алу және сақтау орталығының уақытша сақтаудағы экспонаттарды есепке алу секторының қор сақтаушысы болып жұмыс істеді. 2017–2023 жж. «University Service Management» ЖМ («Назарбаев Университеті» ДББҰ еншілес кәсіпорны) мұрағат басқармасының менеджері қызметін атқарды. Бүгінгі таңда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы. 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қор сақтау бөлімінің қызметкерлері:

  1. 

Айдана Бесікбайқызы Жанбосынова

Бас қор сақтаушысы

  2. 

Айгүл Арыстановқызы  Умирбекова

 

Қор сақтаушысы

  3. 

Ұлболсын Хамитқызы Алимханова

 

Қор сақтаушысы

  4. 

Бауыржан Асыланбекұлы Тазан

Суретші-қалпына келтіруші

 

  5. 

Гаухар Сабырқызы Абдибекова

Дизайнер

  6.     

Мадина Шыңғысханқызы Ералиева

Есепке алу жөніндегі архивист