News
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері кәсіби
тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына
іссапармен барды. Іссапар аясында музей ісінің сапасын арттыру және экскурсиялық қызметті дамыту
бағытында бірқатар кәсіби іс-тәжірибелермен танысу жүзеге асырылды. Атап айтқанда, экскурсия жүргізу
әдістемесі, келушілермен тиімді өзара әрекет жасау тәсілдері, тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру
тәжірибесі, сондай-ақ заманауи интерактивті экскурсия форматтары бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары
жүргізілді.
Бұл іссапар музей саласындағы заманауи талаптарға сай қызмет көрсету мәдениетін жетілдіруге,
сонымен қатар екі мекеме арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.
Тараз қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен, Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік
тарихи-мәдени музей-қорығының қатысуымен «Архив және болашақ ұрпақ» атты жылжымалы көрме өтті.
Бұл іс-шара М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің тарих факультетінің студенттеріне
жылжымалы көрме барысында, жастар архив құжаттары мен музей қорындағы тарихи жәдігерлермен
жақын танысып, құнды деректерге қанықты.
Мұндай жобалар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, өткеннің тағылымды
сабақтарын болашаққа жеткізуге сеп болады.
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен
маңызды шара өтті.
Кәсіптік білім беруді дамытуға және өз ісінің шеберлерінің жолын таңдайтын жастарды қолдауға
бағытталған «Әр мамандық – ең маңызды» атты жылжымалы көрме өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысып,
мамандықтың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы таныстырылды. Мұндай көрмелер жастардың болашаққа
сеніммен қадам басуына және таңдаған мамандығына жауапкершілікпен қарауына зор үлес қосады.






Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің білімгерлері арасында «Ұлы Жібек жолының құпиясы» тақырыбында Ақыртас сарай кешенінде тарихи-танымдық квест ойыны ұйымдастырылды. Зияткерлік сайыста қатысушылар түрлі жасырынған жұмбақтар мен сұрақтарға жауап бере отырып, білім мен тапқырлықтарын сынады. Бұл сайыста ерекше белсенділік танытқан Педагогика факультетінің 4 курс студенті Аққанат Саматқызы Болат ерекше тапқырлығымен көзге түсіп, марапатқа ие болды.






“Ауыл” партиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы және “Ауыл” жастары жастар қанаты
мүшелеріне туған өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларымен танысу мақсатында экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында жастар төмендегі тарихи орындарға барып, қазақ халқының бай тарихына үңілді:
Көне Тараз археологиялық саябағы, Қарахан кесенесі, Қали Жүніс моншасы, Ақыртас сарай кешені.
Жастар үшін бұл – тек саяхат емес, өткенмен тілдескен сәт болды. Экскурсия өз мақсатына жетіп, жаңа
әсер мен тың таным сыйлады.
Page 14 of 199
22 Sep 2025
138