«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Ғылыми жұмыстар / Дәрістер және бейнедәрістер / Тарих тұнған ХУМ – Көне Тараздың үнсіз куәгері

Тарих тұнған ХУМ – Көне Тараздың үнсіз куәгері

           Ежелгі Тараз қалашығындағы ашық аспан астындағы археологиялық кешеннен табылған хум ыдысы –
ортағасырлық өркениеттің материалдық мұрасының бірегей үлгісі.
           Бұл көлемді қыш ыдыс – сол дәуірде астық, сұйықтықтар мен дәнді-дақылдарды сақтау үшін
қолданылған. Қолмен жасалып, күйдірілген хумдар Тараздың дамыған сауда-саттық, тұрмыстық және
аграрлық мәдениетін паш етеді.
           Археологтардың айтуынша, бұл хум VIII–X ғасырлар аралығына тән. Оның бетінде күйдірілген іздер мен
геометриялық өрнектер сақталған. Мұндай ыдыстар ежелгі қала тұрғындарының күнделікті өмірі мен
шаруашылығын зерттеуге мүмкіндік береді.Бүгінде хум ыдысы “Көне Тараз” археологиялық саябағында
арнайы платформада көпшілік назарына ұсынылған. Бұл – мыңжылдықтар қойнауынан жеткен үнсіз,
бірақ мағыналы жәдігер.
           Тарихпен тілдескіңіз келсе – Көне Таразға жол тартыңыз!