АЙША БИБІ ЖАЙЛЫ АЙТСАҚ...
Бүгінгі «Сәулет сыры» айдарында Айша бибі кесенесі туралы сөз болмақ. Бұрын хабарлағанымыздай, мұнда ел тұрғындарын тарихи тұлғалар мен оларға қатысты тұрғызылған ескерткіш-кесенелер жайлы тың деректер айтылады.
Жалпы тарихы терең Әулиеата өңірі туралы сөз болғанда, көптің есіне де бірінші Айша бибі есімі түсетіні рас. Жұрт жадында ескі замандардан бері сақталған аңыздың да түрлі нұсқалары бар. Көп жағдайда Айша есімі әйгілі билеуші Қарахан есімімен байланысты болып келеді. Ал жоғарыда айтқандай, бұл бейнетүсірілімде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемесінің бөлім басшысы Ұлжалғас Шайзхан тарихи тұлға - Айша бибінің өмір сүрген дәуірін айтып, сәулеті келіскен кесененің өзіндік ерекшелігін, тарихын әңгімелейді.
Бүгінде туристері толастамайтын Айша бибі кесенесі Тараз қаласы маңындағы Айша бибі ауылының маңында тұр. Ал сіз бұрын-соңды Айша бибі жайлы қандай аңыз естідіңіз? Алғаш оқыған не естіген дерегіңізді осы бейнетүсірілімді тамашалай отырып, пікір етіп жазуыңызға әбден болады.
27 Ақпан 2025
604
16 Қараша 2019