«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Юнеско Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандар / Ақтөбе қалашығы, VI–XIII ғғ.

Ақтөбе қалашығы, VI–XIII ғғ.

Ақтөбе қалашығы – Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық экономикалық, саяси, мәдени ірі орталық. Араб географы әл-Макдиси (Х ғ.) қала туралы: «Баласағұн халқы көп, суы мол қала» деп жазған. Қалада           Ж. Баласағұн, М. Қашқари т. б. көрнекті тұлғалар ғұмыр кешіп, қызмет етті. Жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қазақстандық археологтар У. Х. Шалекенов, М. Е. Елеуов Еуразия құрлығының аумағындағы аса ірі мәдени, ғылыми, рухани орталық болған өңірді ортағасырлық Қараханидтер империясының батыс бөлігінің астанасы деп таныды.

1974 жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізген археологтар тарапынан су құбыры тартылған шығыс моншасы мен алаңы бар сарай кешені, тұрғын үй және шаруашылық құрылыстары, VI–XII ғғ. рабад, VI–XII ғғ. төрткүл, бекініс құрылым, шарапханалар, қолөнер шеберханасы сияқты көптеген нысандар ашылып, зерттелді.

Мәртебесі: Республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш. Ақтөбе 2014 жылдан бері «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі» ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Ал 2017 жылдан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өңірлік қасиетті нысандар қатарында.