«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Юнеско Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандар / Құлан қалашығы, VI–XIII ғғ.

Құлан қалашығы, VI–XIII ғғ.

Құлан қалашығы, VI–XIII ғғ.

Құлан қалашығы жайындағы алғашқы мәлімет қытай тақуасы Сюань-Цзянның жолжазбаларында кездеседі. Қала туралы көптеген ортағасырлық саяхатшылар мәліметтер қалдырған. Араб тарихшылары Ибн Хордадбек пен Құдама (IX ғ.) Құлан қалашығы Тараздан батысқа қарай 14 фарсах жерде орналасқанын айтады. Құдама болса, «Тараз бен Құланның солтүстік жағы құм, ал қимақтар шекарасына дейін құмды және малта тасты шөл дала созылып жатыр» деп жазады. Әл-Макдиси (X ғ.) «Құлан – мешітті, бекіністі қала. Қазір даңғырап, Тараз күре жолында тұр» дейді. XIII ғасырдағы географиялық сөздік авторы Якут былай дейді: «Құлан – түркі елінің Мауераннахр жағындағы шекарасында орналасқан келісті қала». Қала топографиясынан шахристан, ішкі қамал және шығыс бетінен бекініссіз рабат іздері аңғарылады.

Мәртебесі: Республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш. 2014 жылы«Ұлы Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізінің маршруттық жүйесі» ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді. Ал 2017 жылдан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындаөңірлік қасиетті нысандар тізімінде.