Жазылбек Қуанышбаевтың ескерткіші, мүсінші Б. Түлеков, сәулетші Т. Басенов, 1962 жыл
Ескерткіш 1962 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында әкімшілік ғимаратының алдына тұрғызылды. Ескерткіштің авторлары: мүсінші - Б.Төлеков, сәулетші - Т.Бәсенов.
Ескерткіш мүсіні қоладан құйылған биіктігі (1,2 м) гранитті тұғырға орнықты портреттік бейнеде қойылған. Жоғарғы беткі жағына шойыннан құйылып жапсырылған тақтада қазақ және орыс тілдерінде шопанның аты-жөні және жеткен жетістіктері жайлы жазылған.
Жазылбек Қуанышбаев (1896-1986 ж.ж.) Жамбыл облысы Көктерек ауылында туып өскен. Көктерек совхозының атақты шопаны, малшы-селекционеры болды. Мал тұқымын асылдандыру жұмысына үлес қосқан. Жергілікті қылшық жүнді қойды қаракөл қойымен будандастыру ісін жүргізіп, жаңа қой тобы — құнды елтірі беретін қаракөл қойын өсіреді. Одан төл алу және оның елтірісінің сапасын жақсарту көрсеткішін көрсетеді. Екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Қой шаруашылығын дамытудағы аса үздік еңбегі үшін 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958 жылдары), 2 мәрте Ленин Ордені, «Орақ пен Балға» медалі, Алтын жұлдыз орденімен марапатталған.