«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Киіз үйдің» салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді

«Киіз үйдің» салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді

Өлкенің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Айша бибі» кесенесінің аумағына бүкіл түркілердің соның ішінде қазақтардың тұрақ мекені болған төрт «Киіз үйдің» салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді. Атап айтсақ әр киіз үй тарихи нысанға келушілерге қазақ халқының өнерін, дәстүрін, рухани құндылықтарын таныстырды. Мәселен, ұлттық қолөнер, өлке тарихы сурет көзімен және сол секілді мәдени мұраларымызды насихаттайтын шығармашылық туындылар халық назарына ұсынылды.