«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Қайырлы таң, Жамбыл»

«Қайырлы таң, Жамбыл»

"JAMBYL TV" телеарнасының "Қайырлы таң, Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері тікелей эфирде сұхбат беруді жалғастыруда. Көрісу күніне арнайы өткізілген бүгінгі эфирде Тәжібаев Бақдәулет музей-қорығына қарасты тарихи нысанымыздың бірі «Айша бибі» кесенесінде аталған мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара туралы баяндап берді. Сонымен қатар, өлкенің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында «Айша бибі» кесенесінің аумағына ежелден қазақтардың тұрақ мекені болған төрт киіз үйдің салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілетіндігін,әр киіз үй келушілерге қазақ халқының өнерін, дәстүрін, рухани құндылықтарын таныстыратындығын хабарлады.