«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Art Lab» атты жиын ұйымдастырылды

«Art Lab» атты жиын ұйымдастырылды

Өткеннен сыр шертетін тарихи жәдігерлерді сақтау, қалпына келтіру өте маңызды. Себебі ата-бабаларымыздан мұра болып қалған бұл құнды жәдігерлеріміз өткен мен бүгінгі күнді түйістіретін, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына кепіл болады. Құпияға қанған жауһарларымызды қайта жаңғыртып, екінші өмірге дем беретін арнайы маманымыз, суретші-жаңғыртушы-Тазан Бауыржан, бүгінгі "Назарбаев зияткерлік мектебінде" өткізілген жиынға қатысты. Аталған мекеме мен музей-қорығын екіжақты келісілген Меморандум аясында көп жылғы жемісті жұмыстар байланыстырады. Осыған орай "Art Lab" атты жиынды ұйымдастырған оқытушы Индира Губашева музей-қорығының жас қызметкерімен қайта қалпына келтіру жұмысының қыр-сырымен бөлісті. Өр халықтың өткені өлке жәдігерлерінен аңғарылады демекші, бүгінгі тақырып саз балшықтан жасалған жәдігерлерге арналды. Жұмсақ материал болғандықтан, балшық тіршіліктің барлық салаларында қолданылатыны белгілі. Ежелгі дәуірде қолөнершілер балшықтан кеселер, құмыралар, пеш түбектерін жасап, сыртын түрлі-түсті балшықпен әшекейлеген. Осындай тарихи туындылар сонау заманнан қазіргі таңға дейін сақталып жеткені таңғаларлық әрі қуантарлық жағдай.