«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Құрылтайшылар жиналысы өтті

Құрылтайшылар жиналысы өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі Л. Байтұрсынова ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанның Халықаралық мұражайлар кеңесі комитетінің" құрылтайшылар жиналысына қатысты.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі музейлер арасындағы халықаралық байланыстарды жандандыру мақсатында Париж қаласында негізі қаланған "Музейлердің Халықаралық кеңесіне" мүше болуы жайлы жоспарлар талқыланды.