«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / ЮНЕСКО тізіміне енген Қазақстанның материалдық емес мәдени мұралары

ЮНЕСКО тізіміне енген Қазақстанның материалдық емес мәдени мұралары

ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізімін сақтаудан басқа, Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізімін де сақтайды. Бұл ұрпақтар арқылы ауызша дәстүрлер, өнер, әлеуметтік практика, салт-дәстүрлер, мерекелік оқиғалар немесе табиғат пен ғаламға қатысты білім мен тәжірибе түрінде берілген дәстүрлер.

Бүгінгі таңда Қазақстанның МЕММ бірнеше элементі ЮНЕСКО жүргізетін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген. Олардың арасында домбырамен күй орындау өнері, қазақ күресі, асық ойыны және атбегілердің көктемгі жоралғылары. Тізімде түркі, Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері бар: құсбегілік, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі, Қорқыт ата мұрасы, айтыс, тоғызқұмалақ, киіз үй жасау және жинау дағдылары, қатырма жұқа нан жасау мәдениеті.