«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Өлке тарихын насихаттаудағы тарихи ескерткіштердің маңызы

Өлке тарихын насихаттаудағы тарихи ескерткіштердің маңызы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің студенттеріне «Өлке тарихын насихаттаудағы тарихи ескерткіштердің маңызы» атты  дәріс оқылды. Дәріс барысында білім алушыларға музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы мәліметтер берілді.Сонымен қатар студенттердің назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлер ұсынылды, бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды. Қазақ жерінің тарихи мұрасы бай әрі бірегей.