Дәріс оқылды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлері Жамбыл облысы, Қызыл жұлдыз ауылындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде дәріс оқылды. Дәріс барысында білім алушыларға музей-қорығына қарасты 30 нысан туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлер ұсынылды, бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды. Қазақ жерінің тарихи мұрасы бай әрі бірегей.
Іс-шара соңында мектеп директоры А.Р Сейдалиева музей-қорық қызметкерлеріне өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттағаны үшін алғыс айтып, ұжымға «Алғыс хат» табыстап, жаңа жетістіктер тіледі!