«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Кеңейтілген алқа отырысы

Кеңейтілген алқа отырысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және архив салаларына арналған кеңейтілген алқа отырысын «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік  тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері онлайн форматта мұқият тыңдап, бақылауда.

Министрлікке бағынысты мекеме өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген алқа отырысында мәдениет саласындағы 2021 жылдық қорытынды есебі мен ағымдағы жылға арналған ұсыныстар, яғни аталған саланы жаңғырту және цифрландыру, IT-технологияларды енгізу, жалақы өсімін ынталандыру және т.б мәселелер талқыланды.

Жылдық есеппен танысып, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы баяндама жасай отырып алқалы жиынды қорытындылап, саланың ең өзекті мәселелерін шешу жоспарларын белгіледі.