Музейлік сабақ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» атты музейлік сабақ «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында өтті.
Орталықтың жас тәрбиеленушілеріне біздің дәуірімізге дейінгі III - II ғасырларға жататын, Берікқара қорымы қорғандарын археологиялық зерттеу кезінде табылған бірегей әйелдер әшекейлері ұсынылды. Сондай - ақ, қоладан, шыныдан және керамикадан жасалған керемет бұйымдар назарлаына ұсынылды. Сонымен қатар ортағасырлық Тараз қаласының тұрғынының тұрмысында пайдаланылған моншақтар, белдік жапсырмалар және қолөнер тұрмыстық ыдыс-аяқтар жиынтығы көрсетілді.
Тақырыптық сабақ барысында музей-қорық қызметкерлері ғасырлар қойнауынан жеткен сұлу Айша бибі туралы аңызды айтып берді. Осылайша, аталған музейлік сабақтың мақсаты-өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу, туған өлкенің тарихи мұрасын сақтап қалу маңызды болып табылатынын түсіндіру болды. «Қыз тәрбиесі-Ұлт тәрбиесі» демекші қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне аса мән берген.
Айта кетсек балалар жылына арнайы топтастырылып «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» атты аңыз-әңгімелер жинағы шығарылған болатын.
Өз кезегінде орталық басшысы Эльмира Мырза-Ғали музей-қорық қызметкерлеріне танымдық сабақ өткізгені үшін алғыс айтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдірді.