«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары»

«Киелі Әулиеата жерінің аңыздары»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «2022-Балалар жылына» арнайы аңыз-әңгімелер топтастырылған «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» атты жинағы жарыққа шықты.

Аңыздар мен әңгімелер жинағы ең алдымен туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттей бастаған білім алушыларға арналған, балалардың өлкетану бойынша білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге және бекітуге бағытталған.

Бұл жинаққа Жамбыл облысы аумағында сақталған тарихи-мәдени нысандар халық ауыз әдебиетінің түрлі аңыз-әңгімелері енген. Жинақ түрлі-түсті иллюстрацияланған суреттермен толықтырылған.