«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ақыртас құпиялары

Ақыртас құпиялары

ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқытушыларының қатысуымен «Ақыртас құпиялары» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.

Кездесу барысында музей-қорығының қарамағындағы тас ғасырынан бастап бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі тарихи кезеңдерде тұрғызылған республикалық маңызы бар нысандар бүгінгі онлайн кездесуге арқау болды. Тақырыпты ашудағы баста мақсат тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу.