«Көне жәдігерлер сыры» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы"деп жариялады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»-деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан балаларға ерекше назар аудару керек. Өйткені, олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі.
Бүгін Жамбыл облыстық саңырау және нашар еститін балаларға арналған "Мейірім"арнайы түзету мектеп-интернатында музей-қорығының қызметкерлері «Көне жәдігерлер сыры»атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен "Мейірім" мектеп-интернатын Mеморандум аясындағы көп жылғы жемісті жұмыс байланыстырады.
Өткізілген көрмені интернат педагогтары сапалы сурдоаудармамен қамтамасыз етті.Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім- алушылардың назарларына ұсынылды. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан Тараз қаласы – өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы, тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар көне қалалардың бірі екені мәлім.
Өз кезегінде "Мейірім"мектеп-интернатының педагогикалық ұжымы музей-қорық ұжымына өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау жұмыстары үшін алғыс білдірді.