Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз мәлімдемесінде болған оқиғаларды саралап, бұл дағдарыстан Қазақстанның қуатты әрі күшті мемлекет болып шығатындығына нық сенім білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінен бастап, әлеуметтік-экономикалық даму, саяси реформалар кешенін жүзеге асыру бастамасы көтерілді.
Кикілжіңнен кейін экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кемелдендіру, пайдалы қазбалардан түскен пайданы оңтайлы пайдалану, экономикада бәсекелестік орта қалыптастыру, аумақтық даму мәселелерін, бюджеттік жоспарлаудың жаңа тетіктерін енгізу секілді бастамалар елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған оңтайлы шешімдер екені сөзсіз.
Ел бірлігіне сызат түспей, халқының амандығы үшін қандай да бір батыл шешім қабылдай білетін Мемлекет басшысын – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевті біз, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық ұжымы әркез қолдаймыз. Оның жасампаз бастамалары мен елдің көңілінен шығатын шешімдері бізге рух беріп, қанаттандырады.
Күшіміз – бірлікте. Біз бірге барлық қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға қол жеткізе аламыз.