«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні!

10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздегі күрделі ахуал салдарынан ел мүддесі жолында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің туған – туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, ал зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Сындарлы сәтте күш біріктірейік.Елдің күші-бірлікте.