«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде

Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде

Жыл сайын ЖОО мен колледж студенттері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандарда музейлік іс-тәжірибеден өтеді. Ал қазіргі таңда «Жамбыл политехникалық колледжінің», «Туризм» мамандығының 4-курс білімгерлері қорық-музейіне қарасты «Тектұрмас» кесенесінде іс- тәжірибеден өтуде. Музей қызметкерлері білімгерлерге кесененің тарихымен, құрылысымен таныстырып, барша мәліметтермен бөлісті.