Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай № 47 орта-мектебінде ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы» атты дөңгелек үстелге ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің қызметкерлері арнайы шақыртылды.
Дөңгелек үстел барысында елімізде 30 жыл ішінде экономикалық және саяси реформалар жүргізіліп, Республиканың халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай артқаны және Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі болып табылатыны, батыс пен шығыс мемлекеттерінің сенімді серіктесі ретінде танымал екендігі атап өтілді.
Диалогқа қатысқан оқушылар өз елі үшін мақтаныш, туған жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сөздерін білдірді.