Тәуелсіздік-Ұлы дала ұрпақтарына аманат!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің ұйымдастыруымен №42 орта-мектеп білімгерлерінің қатысуымен «Тәуелсіздік-Ұлы дала ұрпақтарына аманат!» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында қазақ елінің тарихы, Тәуелсіздік жолындағы еліміздің дамуының негізгі кезеңдері мен аспектілері талқыланды.Сонымен қатар оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи экспонаттар ұсынылды, бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды. Қазақ жерінің тарихи мұрасы бай әрі бірегей.
Іс-шара соңында мектеп директоры Е.Жантлесов музей-қорық қызметкерлеріне өскелең ұрпақ арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттағаны үшін алғыс айтып, ұжымға «Алғыс хат» табыстап, жаңа жетістіктер тіледі!