«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

1991 жылы желтоқсанның 12-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш​ Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды.

Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і — Қазақстан Республикасының​ Демократиялық жаңару​ күні деп жарияланды. Сондай-ақ осы күн Желтоқсан құрбандарын еске алу күні болып саналады.