«Анаға тағзым» орталығы
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің ұйытқы болуымен Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры және қызметкерлері жаңадан бой көтерген «Анаға тағзым» орталығының ашылуымен құттықтады.
«Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғалиді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігінің атынан музей-қорығының директоры Бықыбаев.Н.Д Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтап, орталықтың арнайы үйірмелерінің бірі «Қазына» ұлттық аспаптар сыныбының оқушыларына домбыралар табыстады. Орталық басшысымен қызметкерлері өз тарапынан ризашылықтарын білдірді. Іс-шара барысында үйірме мұғалімі домбырамен ән айтып, үйірме оқушысы мәнерлеп өлең оқыды.
Осы орайда «Тараз жауһарлары» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге музей-қорығының қорында сақталған б.з.д. ІІ- ІІІ ғасырға жататын қола білезік, шаш түйреуіші, айна, ортағасырлық әйел адамзатының әшекей –бұйымдары, олардың ішінде алтын-күміс білезіктер, сырғалар және әртүрлі тастармен көмкерілген моншақтар. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын қыш және қола ыдыс-аяқтары көрсетілді.