«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музей сабағы өткізілді

Музей сабағы өткізілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Көне Тараз» археологиялық паркінде №8 мектеп-гимназиясына музей сабағын өткізді. Музей қызметкерлері білім алушыларға тарихи-мәдени мұраларды, ортағасырлық қаласы болған, үлкен руханият орталығының біріне айналған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды жәдігерлердің тарихы кеңінен насихатталды. Тақырыптық экскурсия барысында оқушылар қызығушылық білдіріп, айтылған мәліметтерді сүйсіне тыңдады. Музей сабағында музей-қорық қызметкерлері мен оқушылар арасында сұрақтар қойылып, тақырыптық экскурсияның мазмұны ашылды.