«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / № 39 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырылды

№ 39 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері № 39 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан табылған орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлер білім-алушылардың назарларына ұсынылды. Тараздың асты сырлы тарихқа тұнып тұр. Көрсетілген экспонаттардың барлығы Тараз тарихының бұрын беймәлім беттерін аша отырып,алдыңғы ұрпақ өмірінің таңғажайып құпияларын ашып көрсетеді, ата-бабаларымыздың дүниетанымы мен ой-өрісін танып білуге көмектеседі.