«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі білімгерлерінің қатысуымен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында қазақ елінің тарихы, Тәуелсіздік жолындағы еліміздің дамуының негізгі кезеңдері мен аспектілері талқыланды.Сонымен қатар студенттердің назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тарихи экспонаттар ұсынылды, бұл көне қаламыз Тараз осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды. Қазақ жерінің тарихи мұрасы бай әрі бірегей. Ата-бабаларымыздың тарихы мақтануға лайық!