Семинар өтті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Қазақстанның Оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін 1920-1930жж.» тақырыбында құзыреттілікті арттыру семинары өтті. Тақырыптық семинарға "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері шақырылды.Лекция барысында XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасап, жазалау себеп-салдары фактілік материалдар негізінде айқындалды. Семинар соңында музей-қорық қызметкерлеріне Сертификаттар табысталды.