Тәуелсіздік – Мәңгілік ел тұғыры
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қызметкерлері №47 орта мектебінде «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел тұғыры» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Жылжымалы көрмеде Көне Тараз қалашығынан орта ғасырлық тарихи-мәдени жәдігерлері таныстырып, өскелең ұрпаққа Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштеріне тарихи шолу жасады. Көрмені тамашалаған жас жеткеншектер мәдени мұраларымызға өз қызығушылығын танытты. Өз кезегінде мектеп директоры А.Б.Ботамқұлова музей ұжымына ризашылығын білдіріп Алғыс хатпен марапаттады.




08 Желтоқсан 2021
1773
16 Қараша 2019