«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Музей қызметкерлері «JAMBYL TV» телеарнасында

Музей қызметкерлері «JAMBYL TV» телеарнасында

Бүгін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "JAMBYL TV" телеарнасының "Қайырлы таң, Жамбыл" атты таңғы бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында «Тарихымызды жандандырған –Тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында тұсауы кесілген "Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері" атты ғылыми-танымдық кітап туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар Тараз қаласының тарихы мен қорық-музейге қарасты 30 нысанның тарихы, қорықтың қарамағындағы тарихи-мәдени объектілерді сақтау жөніндегі жұмыстар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс шаралар туралы айтылды.