«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Кедергісіз тарих

Кедергісіз тарих

Бүгін Жамбыл облыстық саңырау және нашар еститін балаларға арналған "Мейірім"арнайы түзету мектеп-интернатына 25 жыл толды!

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен "Мейірім" мектеп-интернатын көпжылдық ынтымақтастық байланыстырады. Музей-қорық қызметкерлері жыл сайын тақырыптық жылжымалы көрмелермен интернатқа барып, оның тәрбиеленушілерін тарихи-мәдени нысандарда экскурсиямен қарсы алады. Барлық өткізілетін іс-шараларды интернат педагогтары сапалы сурдоаудармамен қамтамасыз етеді,бұл тәрбиеленушілер үшін өлке мұрасын кеңінен танып білуін қолжетімді етеді.

Сонымен қатар, қорық қызметкерлері интернат жанындағы музей экспозицияларын құруда әдістемелік көмек көрсетті. Тараздың ежелгі тарихы туралы баяндайтын бұл музейдің экспозицияларынан осы аттас қалашығынан керамиканың көптеген фрагменттері өз орнын тапты.

"Мейірім" мектеп-интернатының 25 жылдығына арналған іс-шараға музей-қорық директоры Бықыбаев.Н.Д қатысып, мектеп-интернат басшылығына "Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері" жинағын және көптеген кітапшаларды табыс етті. Сонымен қатар мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің күшімен мерекелік концерт дайындалды. Өз кезегінде "Мейірім" мектеп-интернатының педагогикалық ұжымы музей-қорық ұжымына көп жылғы достық пен тәрбиеленушілерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.