«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ежелгі Тараз қонақтарды қарсы алады!

Ежелгі Тараз қонақтарды қарсы алады!

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Алматы облысының мәдениет күндері Әулие-ата жерінде өтілуде. Осыған орай қонақтарымыз ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей – қорығына қарасты нысандардың бірі-«Қарахан» кесенесімен танысты. Экскурсия барысында кесененің құрылу тарихы мен сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқан аңыз – әңгімелері айтылды, сонымен қатар Тараз шаһарының тарихы тереңінен баяндалып, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлерімізбен танысты. Қала қонақтары қазақ жеріндегі соның ішінде, тағылымды тарихы мен өрелі мәдениеті ерте кезеңдерден-ақ талайлардың таңдайын қақтырып, тамсандырған Жамбыл өңірінің тарихымен танысқандарына өте қатты қуанды.