«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Атқарылған іс-шаралар (Видео)

Атқарылған іс-шаралар (Видео)

Құрметті оқырмандар назар аударыңыздар!

Осы аптада атқарылған іс-шаралар туралы қорытындылап кетсек қалай қарайсыздар?

- Аптаның басы өте жемісті басталды, музей-қорығының "Самұрық" командасы "Тараз-өткен мен болашақтың түйіскен қаласы" атты квест – ойынына қатысып, екінші жүоделі орынға ие болды! Тамаша емес пе?

- Келесі жаңалық «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени нысандарымызда «Ақмола, Жамбыл облыстарының топонимдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарының қатысушыларына экскурсия жүргізілді.

- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Осы мерекеге орай жас полиция қызметкерлеріне экскурсия өткізілді.

- Кезекті іс-шара №7 Қалалық емхана, №40 мектеп-гимназиясында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

- Еске салсақ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білімгерлеріне дәріс оқылды, сонымен қатар №53 мектеп-гимназиясының білім алушыларына музей сабағы өткізілді.

- Келесі керемет жаңалықтардың бірі «Отырар саз өнерінің озық шыңы» атты семинарға қатысушы музей-қорық қызметкерлері Сертификаттармен марапатталды.

Бұл апта нәтижелі өтіпті!

Келесі аптаға талап жоғары, көріскенше!