Семинар-тренинг өткізілді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бүгін Отырар мемлекеттік қорық-музейінде «Отырар саз өнерінің озық шыңы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Осыған орай аталған шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей – қорығының қызметкерлері тәжірбие алмасу мақсатында қатысты. Семинар-тренингте жалпы тақырыптар, ортағасырдағы керамика өңдірісінің дамуы, керамикалық жәдігерлерді қайта қалпына келтірудің бүгінгі тәсілдері және осы қолданбалы өнердің жалғасы жөнінде қамтылды. «Отырар саз өнерінің озық шыңы» атты семинарға қатысушы музей-қорық қызметкерлері Оспанова Алия, Алимханова Ұлболсын Сертификаттармен марапатталды.