«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тарихымызды жандандырған – Тәуелсіздік» тақырыбында дәріс оқылды

«Тарихымызды жандандырған – Тәуелсіздік» тақырыбында дәріс оқылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерей тойына орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени корық-музейінің ұйымдастыруымен «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білімгерлерінің қатысуымен «Тарихымызды жандандырған – Тәуелсіздік» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында қазақ елінің тарихы, Тәуелсіздік жолындағы негізгі кезеңдер және қорық-музейге қарасты 30 тарихи-мәдени нысанының тарихы мен аңыздары айтылып өтті. Сонымен қатар Жамбыл Жабаевтің өмір жолы, ақындық қызметі мен шығармашылығы туралы бейне материалдар назарларына ұсынылды.