«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Сертификатпен марапатталды

Сертификатпен марапатталды

Татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсанында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей - қорығы ұйымдастыруымен өткен «Тарихымызды жандандырған – Тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінде ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген Ж.Қ. Таймағанбетов, Ж.Е.Смаилов, М. Қожа, Ғ.Қ. Омаров, Е.Ш.Ақымбек, Л. С. Бейсембаева, сияқты қазақстандық жетекші ғалымдар мен археологтар алғыс хаттармен және де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ордабасы", "Әзірет Сұлтан" және т.б.қорық-музейлерінен ат салысқан қатысушылар сертификаттармен марапатталды.