«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Айша бибі» және «Бабаджа хатун» кесенелерінде экскурсия өткізілді

«Айша бибі» және «Бабаджа хатун» кесенелерінде экскурсия өткізілді

Бүгін, Ұлы Даламыздың рухани орталығының біріне айналған Көне  шаһарымызда ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары – Абаев Дәурен Әскербекұлы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Жылқышыбайұлы "Ежелегі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ортағасырдың інжу-маржаны атанған, Тараз қаласының рухани да мәдени ошақтарының біріне айналған "Айша бибі" және "Бабаджа хатун" кесенелерімен танысты. Экскурсия барысында, құрметті қонақтарымы өз ой пікірлерімен бөлісіп, халқымызға ортақ болған мәдени мұраларымызды  насихаттаудағы жұмысымызға шығармашылық табыс тіледі.